Референдум күні: ауыл тұрғындары белсенділік танытуда

      

Бүгін еліміз бойынша өтіп жатқан референдумда ауыл тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Таңғы уақыттан бастап сайлау учаскелеріне келушілердің қарасы қалың.

Мәселен, Нұра ауылындағы №1054 сайлау учаскесінде тұрғындар ерте келіп, өз таңдауларын жасауда. Сол сияқты Панфилов ауылындағы №884 учаскеде де сайлаушылар легі тоқтаған емес.

Кеңдала ауылындағы №872 және Тұздыбастау ауылындағы №858 сайлау учаскелерінде де халықтың белсенділігі байқалады. Учаскелерге таңғы сағаттардан бастап ауыл тұрғындары көптеп келіп, референдумға қатысуда.

Жергілікті бақылаушылардың айтуынша, кейбір ауылдарда сайлаушылардың едәуір бөлігі дауыс беріп үлгерген. Бұл тұрғындардың елдегі маңызды саяси науқанға бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Жалпы алғанда, аталған ауылдардағы учаскелерде референдум күні жоғары белсенділік байқалып, тұрғындар азаматтық ұстанымдарын танытуда.