
2026 жылғы 15 наурыз күні еліміз бойынша жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. №825 сайлау учаскесінде этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, дауыс берді.
Таңғы сағаттан бастап этно-мәдени орталықтардың мүшелері сайлау учаскесіне келіп, тіркеуден өтіп, бюллетень алып, дауыс беру кабиналарына кіріп, өз таңдауларын жасады. Әрбір қатысушы бюллетеньдерді арнайы жәшікке салып, азаматтық міндетін орындады. Дауыс беруден кейін қатысушылар қысқаша пікір білдіріп, азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Референдумда қатысу – әрбір адамның елдің болашағына өз үлесін қосуының айқын көрінісі. Алдағы шешімдерге әрбір дауыс ықпал етеді, сондықтан этнос өкілдерінің белсенділігі қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың нақты мысалы болып саналады.
Барлық азаматтар үшін дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Учаскеде дауыс беру кабиналары, стационарлық және тасымалды жәшіктер орнатылған. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар азаматтарға барлық қажетті ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетті. Қатысушылар өз таңдауларын еркін және қауіпсіз түрде жасай алды.
Талғар ауданындағы этно-мәдени орталықтардың өкілдері әртүрлі мәдениеттердің өкілдерімен бірлесе отырып, сайлау залында бірлік пен татулықтың көрінісін көрсетті. Бұл әрекет көп ұлтты өңір тұрғындарының ортақ мүддесі мен демократиялық құндылықтарға берік байланысын дәлелдейді.
Осы маңызды күні әрбір дауыс елдің дамуы мен бірлігін нығайтуға үлес қосады. Халықтың белсенділігі – ортақ таңдаудың, азаматтық жауапкершіліктің және демократиялық құндылықтардың айқын көрінісі.
Барлық азаматтарды өз құқықтарын пайдаланып, ел тағдырына бейжай қарамауға шақырамыз. Бірлік пен татулық – біздің ортақ құндылығымыз, ал әрбір дауыс бұл құндылықты қорғаудың нақты көрінісі болып табылады.

