Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында конституциялық реформалардың мәні түсіндіріліп, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілік талқыланды. Қатысушылар ел дамуының жаңа кезеңіндегі басым бағыттар жөнінде пікір алмасты.
Осындай кездесулер қоғамда түсіністік пен ынтымақты нығайтып, алдағы референдумға саналы әрі жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді.




