Қазақстанның медициналық жастары ұйымының белсенділерінің ұйымдастыруымен жоғары курс студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Кездесу барысында жастар арасында өзекті мәселелер талқыланып, пікір алмасу өтті. Сонымен қатар қатысушыларға конституциялық референдумның маңызы мен қоғамдағы рөлі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студенттер референдумның ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталып, өз ой-пікірлерін білдіріп, белсенділік танытты. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауына ықпал етті.


