2026 жылдың 8 наурыз күні Талғар ауданында Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – отбасы тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

2026 жылдың 8 наурыз күні Талғар ауданында Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – отбасы тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – аналардың қоғамдағы ерекше орнын дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттау және ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлін кеңінен таныту болды.

Мерекелік кездесуде аналарға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Қатысушылар ана мейірімі мен отбасы берекесі туралы ойларымен бөлісіп, отбасы тәрбиесінің маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында әсем әндер шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған би қойылымдары ұсынылды. Өнерпаздардың өнері мерекелік кештің сәнін келтіріп, жиналған қауымға ерекше әсер қалдырды.

Іс-шара соңында аналарға алғыс білдіріліп, мерекелік көңіл күйде жылы кездесуге ұласты.