Талғар политехникалық колледжінде референдумға байланысты үгіт-насихат және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жастармен ашық кездесу ұйымдастырылып, референдумның маңызы мен оның ел болашағына әсері кеңінен түсіндірілді. Студенттер өз ой-пікірлерін білдіріп, белсенді азаматтық ұстаным таныту қажеттігі жөнінде пікір алмасты.

