ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ-БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ

Бүгін Aport Mall сауда ойын-сауық кешенінде эстрада жұлдыздары және Алматы облысы өнерпаздарының қатысуымен Aport Fest концерті ұйымдастырылды.

Шараға облыс тұрғындары белсенді қатысып, ортақ ұстанымдары мен азаматтық белсенділігін көрсетті. Кеш барысында референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдағы маңызды саяси науқанның мән-маңызы кеңінен насихатталды.

Көтеріңкі көңіл-күй, әуезді ән мен бірлікке үндеген мазмұнды шара көпшілікке ерекше әсер сыйлады.