Бүгін Панфилов ауылының тұрғындарымен кездесіп, Жаңа Конституция жобасын кеңінен талқыладық.
Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің мән-маңызы, ел дамуына әсері және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлі туралы ашық пікір алмастық.
Тұрғындар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Әрбір ұсыныс пен пікір – маңызды. Себебі Ата Заң – халықтың таңдауымен қабылданатын басты құжат.
Басты мақсат – әділетті, жауапты және халық үніне құлақ асатын мемлекет құру. 


