ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Адал қоғам – тұрақты дамудың негізі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялауына орай Талғар ауданының әкімдігінде мазмұнды кездесу өтті. Аталған бастама аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қоғамда адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған іс-шаралар қолға алынуда.

Осыған байланысты Мадияр қажы Тағайбайұлы Талғар ауданының зиялы қауым өкілдері мен ЭМБ төрағаларымен кездесу өткізді. Басқосу барысында адалдық пен әділдікке негізделген, мейірім мен жауапкершілікті ту еткен қоғам ғана тұрақты дамудың кепілі бола алатыны атап өтілді. Кездесуде сөз сөйлеген облыстың бас имамы ислам құндылықтарын дұрыс түсініп, оны күнделікті өмірде жүзеге асыру әрбір азаматтың парызы екенін жеткізді. Оның айтуынша, әр адам өзінен бастап адалдық қағидаларын ұстанса, қоғамда сенім мен бірлік артады. Осындай ұстаным мен ортақ жауапкершілік арқылы ғана әділетті, жауапты әрі тұрақты қоғам құруға болады. Сонымен қатар, жиында Алматы облысының дін істері басқармасы басшысы Көшеке Ерғали Ақылбекұлы сөз алып, қатысушыларды алда келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Ол Рамазан айының рухани тазару мен ізгі амалдарға бастайтын ерекше кезең екенін атап өтті. Кездесудің модераторы болған аудан әкімінің орынбасары Бидаев Айбек Дүйсембекұлы жиынның мазмұнды өтуіне ықпал етіп, көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар адал қоғам қалыптастыру жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. «Ислам және адал қоғам» жылы аясындағы бастамалар өңірде рухани құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершілікті арттыруға бағытталмақ.