«Ата Заңның жаңа жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат. Онда адам және оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді». Бұл тұжырым қазіргі Қазақстанның даму бағытын айқындайды. Себебі кез келген демократиялық мемлекет үшін ең басты құндылық – адам және оның құқықтары. Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің ең басты заңы. Ол мемлекеттік биліктің құрылымын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Жаңа жобада адам құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылды. Бұл – әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам. Жаңа өзгерістерге сәйкес, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілді. Конституциялық Соттың құрылуы – соның айқын дәлелі. Енді әрбір азамат өзінің конституциялық құқығы бұзылды деп есептесе, осы органға жүгіне алады. Бұл халықтың заңға деген сенімін арттырады. Сонымен қатар билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік нығайтылып, Парламенттің рөлі күшейтілді. Жер және табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені нақты көрсетілді. Бұл – ел байлығының халық игілігі үшін қызмет етуі тиіс екенін білдіреді. Ата Заңның жаңа жобасы – тек заңдық құжат қана емес, ол – елдің болашағына бағытталған бағдар. Онда әділдік, теңдік және адам құқығын қорғау қағидаттары басты орынға қойылған. Сондықтан бұл құжат Қазақстанның демократиялық әрі құқықтық мемлекет ретінде дамуына берік негіз қалайды.

