


Іс-шара барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен маңыздылығы кеңінен талқыланды. Қатысушылар конституциялық өзгерістердің құқықтық мемлекетті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Кездесуде әділеттілік қағидатын орнықтыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық келісімді сақтау мәселелері қозғалды. Жиынға қатысушылар ұсынылып отырған реформалардың ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтынын білдіріп, қолдау пікірлерін жеткізді.
Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, конституциялық жаңғырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

