2026 жылдың 19 ақпан күні Тұздыбастау ауылдық округінде «Ұрпаққа өнеге» тақырыбында аудандық Ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Отырысқа аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ аудандық Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Жиын барысында Ақсақалдар кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар айқындалды. Сонымен қатар, Жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып, ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар конституциялық реформалардың құқықтық мемлекетті нығайтуға, қоғамдық келісімді сақтауға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын айтты. Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақ тәрбиесі және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды.
Жиын қорытындысында алдағы уақытта бірлескен іс-шараларды жүйелі түрде өткізу туралы келісімге келінді.


