Таразда бесінші қабаттан құлаған әйел тірі қалды

Таразда бесінші қабаттан құлаған әйел тірі қалды

Таразда бесінші қабаттан құлаған әйел тірі қалды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Жамбыл облытық ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Дархан Мадижанға сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, оқиға 2018 жылғы 12 ақпанда болған. Әйел адам бесінші қабаттың терезесінен құлап кетіп, бірінші қабаттағы сұлулық салонының шатырына түскен.
Жедел құтқару жасағының диспетчеріне 8 ықшамауданындағы 19-үйдің бірінші қабатында орналасқан сұлулық салон шатырында әйел адамның не үйіне бара алмай, не шатырдан түсе алмай тұрғаны туралы хабар түскен.

«Шақыртуға №3 кезекшіліктегі ауысым тобы ден қойды, төрт құтқарушы бір көлікпен шықты. Берілген мекенжайға жеткеннен кейін, ересек әйел кісі бесінші қабаттың терезесінен салонның шатырына құлағаны анықталды. Бас құтқарушы Ахметов Рустем мен құтқарушы Акипбаев Айдын зардап шегушіге көтеріліп, онын сол қолының сынғанын, соған байланысты өз күшімен түселмайтынын айтты, басқа көзге көрінетін жарақаттардың жоқ екені анықталды. Құтқару көмектерін көрсетіп, құтқарушылар ересек әйел кісімен сөйлесіп, тыныштандырып жатқанда, жедел жәрдем де келіп жетті. Құтқарушылар зардап шегушіні жарақаттары аурмасын деп және қауіпсіз болғаннан соң оны альпинистік құралмен түсірді. Түсіргеннен кейін зардап шегушіні жедел жәрдем бригадасына тапсырды», — дейді ТЖД өкілі.

Осы орайда Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қала тұрғындары сақ болып, қиын жағдайға тап қолғандарға қол ұшын тигізіп, көмектесуге шақырады.

«Тараз қаласының қонақтары және тұрғындары, Сіздерді мұқият және абай болуларынызды сұраймыз. Сонымен қатар, ересек әйел кісіні шатыр үстінен көріп бейқамдық танытпай, көмектесуге барлық жағдайды жасап, 112 және 103 құтқару қызметіне хабарлағандар үшін алғыс айтамыз. Құрметті азаматтар, осындай жағдайларға көңіл аудармай өтпеңіз, себебі Сіздің қоңырауыңыз адам өмірін құтқару мүмкін», — дейді мамандар.

Талғар-ақпарат