Бүгін Талғар қаласында орналасқан Талғар жоғары медициналық «Досмед» мекемесінде конституциялық реформалар бойынша мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың мәні, оның қоғам дамуына әсері, азаматтық жауапкершілікті арттырудағы рөлі және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы маңызы кеңінен талқыланды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік реформаларға қатысты нақты әрі түсінікті жауаптар алды.
Мұндай тағылымды кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, саналы көзқарас пен жауапты азаматтық ұстанымның орнығуына үлкен ықпал етеді.


