Қостанай облысында Арқалыққа жақын ауылдарда бруцеллез ауруына шалдыққан малдың саны артып барады. Мамандар бұл аурудың белең алғанына алаңдаулы, — дейді turkystan.kz сайтына сілтеме жасаған alatau-zhuldyzy.kz.
Ресми деректерге сүйенсек, дертке шалдыққан мал саны 1,8%-ды құрайды. Мал иелерінің есебінен ауылдарда тексеру жүргізу туралы әкімдікке ұсыныс айтылғанымен, төрт түлік малдың жартысынан көбі әлі тексерілмепті.
Соның салдарынан жұқпалы дерт тарап бара жатқан көрінеді.
2017 жылдың желтоқсан айының соңында мал сою кезінде мамандар фермадағы ірі қара малдың созылмалы туберкулезге шалдыққанын анықтаған, бірақ шаруа қожалығы әлі күнге дейін жабылған жоқ.
Талғар-ақпарат