ЕЛБАСЫ ҚЫТАЙ ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

ЕЛБАСЫ ҚЫТАЙ ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ
Қазақстан Президенті CCTV телеарнасына сұхбат берді, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сұхбат барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаларының тоғысу аясындағы екіжақты ықпалдастыққа қатысты сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтары туралы айтып, Шанхай ынтымақтастық ұйымын одан әрі дамыту жөнінде ой бөлісті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес жүргізу және өңірдегі тұрақтылықты сақтау мәселелеріне қатысты мемлекетаралық серіктестікті нығайту қажеттігін атап өтті.

Талғар-ақпарат