ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Пхёнчхандағы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында могул сайысы аяқталды, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева финалда 77.40 ұпай жинап, жарысты үшінші орында аяқтады. Осылайша, жерлесіміз ел тарихында тұңғыш рет қысқы Олимпиада ойындарында фристайлдан жүлде алды.

— Өте қуаныштымын. Бұл менің бірінші Олимпиада жүлдем. Барлықтарыңызға алғыс айтамын — командама, еліме, жанкүйерлеріме. Кеше жүлделі орынға ілінетінімді сезген едім (күлді). Сынған қолым Олимпиада медалін алу үшін қосымша мотивация берді, — деді Галышева.

Ал Олимпиада алтыны франциялық Перрин Ляфонтқа бұйырды — 78.65 ұпай. Күміс жүлдені канадалық Жюстин Дефюр-Ляпоинт иеленді (78.56. ұпай).

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарында ешқашан фристайлдан жүлде алмаған.

Олимпиада ойындары — 2018. Пхёнчхан

Могул, әйелдер, суперфинал

1. Перрин Ляфонт (Франция) — 78.65

2. Жюстин Дефюр-Ляпоинт (Канада) — 78.56

3. Юлия Галышева (Қазақстан) — 77.40 

4. Жакаре Энтони (Австралия) — 75.35

5. Бриттани Кокс (Австралия) — 75.08

6. Анди Науде (Канада) — DNF

Фото Данияр Майлыбаевтікі

Талғар-ақпарат