Қазақстанда жүргізіліп жатқан Конституциялық реформа – құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Бүгін өтіп жатқан Конституциялық комиссияның отырысы осы реформаның мазмұнын нақтылауға арналған.
Реформа аясында Парламенттің рөлін күшейту, Үкіметтің есептілігін арттыру және сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелері басты назарда. Бұл өзгерістер азаматтардың мемлекеттік басқаруға деген сенімін арттыруға бағытталған.
Комиссия отырыстары ашық форматта өтіп, қоғам үшін маңызды шешімдер жария түрде талқылануда. Бұл – жаңа саяси мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын білдіреді.
Жибек Бекенова, Халипов атындағы № 1 орта мектеп мұғалімі







