Конституциялық комиссия: саяси жаңғырудың жаңа белесі

Конституциялық комиссия: саяси жаңғырудың жаңа белесі

Бүгін Қазақстанда Конституциялық реформаны іске асыру аясында Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтуде. Бұл – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған кешенді өзгерістердің маңызды кезеңдерінің бірі.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуді, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттыруды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуді көздейді. Осы бағытта Конституциялық комиссияның рөлі ерекше.

Комиссия жұмысы Конституцияға енгізілетін өзгерістерді жан-жақты талқылап, олардың елдің қоғамдық-саяси дамуына әсерін саралауға мүмкіндік береді. Бұл – реформалардың жүйелі әрі жауапты түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

Болатжан Данаев, аудандық маслихат депутаты