Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия отырысында отбасы мәселесіне ерекше назар аударылуы мемлекеттің даму бағыты адам капиталына, ұрпақ тәрбиесіне және қоғамның рухани тұтастығына негізделіп отырғанын аңғартады. Отбасы – ұлттық болмысты сақтайтын, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қалыптастыратын негізгі әлеуметтік институт екені анық.
Отбасы институтын Ата заң аясында бекіту тек заңнамалық өзгеріс емес, бұл – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада өсуін қамтамасыз ету, ата-ананың міндеттері мен мемлекеттің қолдау тетіктерін нақтылау бүгінгі заман талаптарына толық сәйкес келеді.
Жаһандану жағдайында отбасылық құндылықтарға төнетін сын-қатерлердің күшеюі бұл бағыттағы мемлекеттік ұстанымның маңызын арттыра түседі. Әлеуметтік жауапкершіліктің әлсіреуі мен рухани бағдардың өзгеруі көптеген қоғамдарға ортақ мәселе болып отыр. Осы орайда отбасы институтын қорғау мен қолдауды күшейту – ұзақ мерзімді стратегиялық шешім.
Бауыржан Аукенов
Талғар ауданының Құрметті азаматы
🏛 Талғар аудандық мәслихатының депутаты







