Ата заңға ұсынылып отырған өзгерістердің жан-жақты талқылануы

Ата заңға ұсынылып отырған өзгерістердің жан-жақты талқылануы

Ата заңға ұсынылып отырған өзгерістердің жан-жақты талқылануы және бұл үдерісте қоғам өкілдерінің, саяси күштердің, сондай-ақ сарапшылардың белсенді араласуы конституциялық реформалардың ашық әрі көпшілікке түсінікті форматта жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Мұндай тәсіл мемлекеттің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау екендігін айқын аңғартады.

Комиссия қызметі аясында неке мен отбасы институтына қатысты мәселелердің басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылуы ерекше мәнге ие. Себебі отбасы қоғамның тұрақтылығы мен елдің болашағын айқындайтын басты құндылықтардың бірі. Неке қағидаттарын құқықтық деңгейде бекіту демографиялық дамуға, әлеуметтік үйлесімге және өскелең ұрпақтың саналы қалыптасуына тікелей ықпал етеді.

Куатов Тимур Акмурзаевич
Талғар ауданының Құрметті азаматы
🏛 Талғар аудандық мәслихатының депутаты