Конституциялық кеңес шеңберінде отбасы институтына айрықша көңіл бөлінуі қоғамның әлеуметтік және рухани тұғырын күшейтуге бағытталған маңызды бастама болып табылады. Отбасы ер мен әйелдің заңды бірлігі ретінде ұрпақ тәрбиесінің, ұлттық дәстүрлер мен моральдық құндылықтардың негізгі тірегі екені ерекше атап өтілді.
Отбасының мәртебесін Конституция деңгейінде бекіту оны мемлекеттік тұрғыда қорғау мен қолдаудың нақты құқықтық тетіктерін қалыптастырады. Мұндай қадам қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, дәстүрлі құндылықтардың сақталуына және болашақ ұрпақтың қауіпсіз әрі тәрбиелі ортада өсуіне негіз болады.
Нурбатырова Айтжамал Абдрешовна
Талғар аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы







