Сарқан ауданы ауыл шаруашылығына қолайлы жер болғандықтан, халықтың басым бөлігі осы салада жұмыс істейді. Аграрлық секторда өткен жылы 31 миллиард 568 миллон 100 мың теңгенің өнімі өндіріліп, оның ішінде 20 миллиард 691 миллион 700 мың теңгесі егін шаруашылығына, 10 миллиард 778 миллион 800 мың теңгесі мал шаруашылығына тиесілі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Сарқан ауданының әкімі Қошанбеков Ерғазы баяндады, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz.
«Өткен жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 94 867 гектар жер игерілді. Оның ішінде 49 152 гектар дәнді дақылдар, 35 756 гектар майлы дақылдар, 1 600 гектар қант қызылшасы, 912 гектар картоп, 641 гектар көкөніс өнімдері себіліп, жоспарланған өнімдер артығымен алынды», — дейді Е.Қошанбеков.
Қазіргі таңда ауданда сүт дайындау бағытында, 5 мал сою пункті және 13 аралас мал және егін шаруашылығы бойынша барлығы 22 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылып, кәсіп жасауда. Дегенмен де ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмысы жандандыруды қажет етеді. Ұсақ шаруашылықты біріктіріп, кооператив құру өзіне де өзгеге де пайдалы іс екені сөз етілді.
«Қазір ауыл шаруашылығын дамытуға, ауылды жерлердегі өмір сүру сапасын арттыруға, халыққа жан-жақты жағдай жасауға баса мән берілген. Мәселен, жеке кәсіп ашып, ауыл шаруашылығы саласына тың технологияларды енгізіп, мол өнім аламын дегендерге мемлекет жан-жақты қолдау көрсетіп отыр»,- деп қосты аудан әкімі.
Ауыл шаруашылығы ветеринария саласымен өте тығыз байланысы. Сондықтан, ветеринариялық ұйымдарды кезең-кезеңмен материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстарына аудан тарпынан көңіл бөлінуде.
Жануарлардың аса қауіпті аурулары және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша елдің саулығын қамтамасыз ету мақсатында, бірінші кезеңде бруцеллезге қарсы күрес жүргізу стратегиясы әзірленді. Себебі осы аурулар қауіпті және олар экономикалық- әлеуметтік залал келтіретіні белгілі.
Талғар-ақпарат