15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта теңге күні.

15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта теңге күні.

 

Бұл күн еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің де кәсіби мерекесі. Осыдан 30 жыл бұрын 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге алғаш рет айналымға енгізілді.

Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған — Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді. Қымбатты қаржыгерлер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Қаржыгер және Ұлттық валютамыз — Теңге күнімен құттықтай отырып, ел мүддесі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!