Белгіленген өкілеттік нормасына сәйкес, «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының кезектен тыс XXXХІІ конференциясы өтті. Конференция жұмысына аудандық Саяси кеңес мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен хатшылары, сондай-ақ партия белсенділері қатысты.
Күн тәртібінде Алатау, Бесағаш және Бесқайнар ауылдық округтері әкімдеріне «AMANAT» партиясынан үміткер ұсыну мәселесі қаралды. Бұл шешімдер партияның ішкі тәртібіне сәйкес қабылданып, тиісті қаулылар бекітілді.
Конференция барысында партияның жергілікті басқару құрылымдарын нығайту және өңірлік даму мәселелері де талқыланды. Қатысушылар ауылдық округтердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту жолдарын қарастырып, партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын білдірді.
«AMANAT» партиясы өз мүшелерінің белсенді қатысуымен жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.