«AMANAT» партиясының жемісті жүзеге асып жатқан жобаларының бірі – қоғамдық қабылдау алаңы.
Халықпен көзбе-көз кездесіп, мұң-мұқтаж, ұсыныс-тілегін өз ауызынан есту – мемлекеттің әлеуметтік бейнесін анық түсініп, қоғамдық тынысын айқын сезінуге бірден-бір таптырмас тәсіл. Партияның Талғар аудандық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде бұл жолы аудан әкімі Айдарбеков Талғат Есенкелдіұлы отырды. Қабылдау алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, кезектілік тәртібімен өтті.
Қабылдауға жазылған тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым көпшілігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер телімдерін алу, денсаулық саласындағы мәселелермен байланысты болды. Барлығын мұқият тыңдаған аудан басшысы қабылдауына келіп, өтініштерін жеткізушілердің сауалы назардан тыс қалмайтынын айтты. Бар өтінішке заң аясында толық жауап берді. Бірқатар мәселелер сол жерде шешімін тауып, жауапты сала өкілдеріне тапсырылды. Кей сауалдарға құзырлы органдармен бірге оңтайлы шешім табу жолдары қарастырылды. Өңір басшысының ашық форматтағы жеке қабылдауына тқрғындар ризашылығын білдірді.
М.Бөлек