Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың кезекті Жолдайының бірінде Конституциялық сот құру идеясы айтылған болатын. «Көптеген мемлекетте Конституциялық сот институты бар. Оған кез келген адам өзінің сауалын жолдай алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұндай орган Қазақстанда болған. Сарапшылар Ата Заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын осы мекеме тиімді қамтамасыз етеді деп санайды. Соны ескере отырып, мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын», — деген Президенттің сол сөзі маңызды мәнге айналды.
Қоғамнан бірден қолдау тапқан саяси жаңалық бағдарлы болашаққа бет түзеген әрбір елдің негізгі бағыттыраның бірі болғандықтан біздің елде де әділдіктің салтанат құруына, әр азаматтың заңды құқығының сақталуына сай жұмыс істеп келеді.
Конституциялық сот – әлемдік тәжірибеде маңызды мәнге ие. Алғаш Аустрияда пайда болған жүйе Германия, Югославия, Польша, Шығыс Еуропа елдерінде түгелдей дерлік жұмыс істеп, өз тиімділігін танытып отыр. Бұл бағыт бізге де бейтаныс емес. Тәуелсіздік алған алғашқы жылы Конституциялық сот құрылғанымен, 1995 жылы жаңа Конституция қабылданып, Конституциялық кеңес құрылуына байланысты Конституциялық сот өз қызметін тоқтатқан болатын. Жаңадан құрылған институт ел аумағында Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз етуі үшін көптеген оң өзгеріс орнатып жатыр. Бқл өзгерістер — еліміздегі саяси реформалардың өзегі.
К.Пересторонина,
Талғар аудандық сотының судьясы