Қызмет ету мәдениеті: бақылаудан – сенімге қарай

Қызмет ету мәдениеті: бақылаудан – сенімге қарай

Бүгінгі мемлекеттік қызметте тек міндетті орындау емес, қоғамға адал, саналы және жауапты қызмет ету ұстанымы алдыңғы орынға шығып отыр.

Бұрын мемлекеттік қызметшінің тиімділігі тек тапсырмалардың орындалу санымен өлшенетін. Қазір таңда мемлекеттік қызметте көп реформалар жүргізіліп келуде: бастамашылық, ынта, қоғамның сұранысын ести білу қабілеттері – басты құндылықтар болып келуде. Бұл өзгерістің өзегінде – елге қызмет ету мәдениеті жатыр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі — Агенттік) мемлекеттік аппаратта дәл осындай мәдениетті қалыптастыруды мақсат етеді. Агенттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру арқылы мемлекеттік қызметшінің бейнесін өзгертіп келеді.

Біз әр қызметкер өзінің жауапкершілігін сезінетін және ішкі уәжбен жұмыс істейтін кәсіби аппарат құруға ұмтыламыз.

Қызметкер өзіне сенім артылғанын сезінген кезде бастамашылық танытады, шешім ұсынады, қорқыныштан емес, сенімнен әрекет етеді. Сенім – сыртқы бақылаудан да мықты ішкі тәртіпті қалыптастырады.

Бақылаудан гөрі қолдауға, жазалаудан гөрі дамуға басымдық берілуі – заман талабы.

Мысалы, Басқармада біз мыналарға басымдық береміз:

— жаңа қызметкерлер үшін тәлімгерлік жүйесіне;

— тапсырма беруден бұрын, оларды бірге талқылауға;

— өкілеттіктерді беру мен дербестікті дамытуға;

— кінә іздемейтін ашық кері байланыс орнатуға.

Бүгінгі мемлекеттік қызмет – бұл жай ғана «тапсырма орындау машинасы» емес, азаматқа бағытталған, нәтижеге ұмтылатын, сенімге негізделген жүйе. Ал біздің міндетіміз – осындай мәдениетті қалыптастырып, абыроймен қызмет етуге шабыттандыру.

 

Ділмұрат Сайфуллаұлы Сунатиллаев,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы.