Теңдіктің символына айналды

Теңдіктің символына айналды

Ассамблея бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Астана төрінде өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы осыны тағы бір мәрте айғақтады.  Тарихи маңызы зор Ассамблеясының құрылғанына биыл 30 жыл толып жатыр. Осы уақыт аралығында ұйым жұмысы оң нәтижесін беріп, ел ішінде бірлік пен тұрақтылық, келісім мен тыныштық салтанат құрды. Ассамблеяның жемісті жұмысы аясында этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды.

Ел тәуелсіздігі жылнамасымен астасып жатқан, бейбітшіліктің нақты үлгісін көрсете білген Ассамблея болашағымызда да тарихи бастамалардың жүзеге асуына атсалыса береді деп сенемін. Ол тек ұйымға ғана емес барлығымыз үшін де жауапкершілікті арттырып, бірге Жаңа Қазақстанды құруға атсалысу керектігін міндеттейді. Бірлік пен ынтымақты ту еткен халықтың ғана болашағы зор деп білемін.

 

Айдос Ермекұлы,

 «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының

Талғар аудандық

 филиалының директоры