Табиғат сұлулығы мен таза ауаның кілті — ағаштар. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жер-жерде ормандарды сақтау және жаңғырту идеясын қолдау мақсатында ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіліп жатқаны көңіл қуантады. Ал бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі бас болып жастармен бірге ағаш отырғызғандығы туралы жаңалықты оқып, тіптен қуандым. Негізі жастарға еліміздің болашағы, ертеңі деп үмітпен сеніммен қараймыз. Ал оларға жол көрсетер аға буынның, оның ішінде Мемлекет басшысының бастамасымен осындай іс-шараның ұйымдастырылуы экологиялық мәдениет деңгейін арттырады. Бұл әр аймақтағы экологияны одан әрі жақсартуға, елді-мекендерді көгалдандыруға ықпал етеді. Осындай ауқымды акция арқылы орманды жаңғырту идеясын қолдауға жұртшылықтың назарын аудара аламыз.
Ризвангүл Токарзаева, Талғар аудандық кітапханасының кітапханашысы: АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ – САУАПТЫ ІС
