«Бір тал кессең, он тал ек» деген қазақ тәмсілі бекер айтылмаса керек.
Туған өлкенің жасыл желекке айналуына үлес қосу әр жанның азаматтық борышы болуға тиіс. Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Кемелұлы жастармен, экобелсенділермен бірге «Жастар» саябағына ағаш егу аға буынның жас буынға көрсеткен үлгі-өнегесінің басы деп білемін. Осы бір игі іске қарап өскен ортамызды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына атсалысу әрбір тұрғынның азаматтық ұстанымы болуы тиіс екенін әр жас түйсіне түсті.
Табиғатты қорғау, тазалықты сақтау тек жауапты сала мамандарының немесе мемлекеттің ғана жұмысы емес, мұндай ауқымды акцияларға әрбір азамат үлес қосуы шарт. «Таза Қазақстан» — болашақ ұрпақ үшін таза әрі салауатты орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Туған топырағымызды таза ұстап, абаттандырып, жасыл желекке бөлеу – баршамыздың басты борышымыз.
Сондықтан көгалдандыру, көркейту ісіне біркісідей бірлікпен қатысайық, ағайын!