«Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан-дүниеміздің айнасы, өніп-өсіп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі» -деген екен Жүсіпбек Аймауытов. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы — әрбір ұлттың мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалатын құнды дүние. Тіл байлығын игеру – әрбір мемлекетшіл азаматқа сын. Тіл дегеніміз –рух. Тіл – ұлттың жаны, халық тарихы, оның бет бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы, әр халықтың ғасырлар бойы даму тарихында ұрпақтан ұрпаққа жалғап келе жатқан рухани байлығы. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” — деген. Тіл – ең ұлы қару, ең асыл құндылық, ең керемет қатынас құралы. Қазақ тілі – әлемдегі ең бай, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Шынында, әлі күнге дейін жоғалмай келе жатқан біздің ана тіліміз –қазақ тілі. Осындай кең байтақ жерде, тәуелсіз елде тұратын, бай тіліміз бен салтымыз бар. Тіл тұғырының биікке көтерілгені — халық мәртебесінің жоғарылауы. Ана тілінің қадір -қасиетін ерте кезден -ақ, түсіне білген халқымыз, оны қасиетті мұраға балап, қастерлейді. Қазақ тілі ерте кезден –ақ оралымды, ырғақты, аса қуатты, бай тіл. Ол жан дүниеміздің айнасы, тәуелсіздігіміздің айғағы. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағында қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Тіл – ұлттың жаны, мемлекеттің тірегі. Қазақстанда туған қай ұлт өкілі болсын, бір ғана ұлт бар, ол –қазақ деп аталатын дарқан ел. Тоқсан ауыз тобықтай түйініне келсем, ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзгені. Тіл туралы жазып, ол туралы қашпай, жалықпай айтуымыз керек. Себебі тіл – бүкіл бір халықтың жүрегі. Халықпен бірге өмір сүреді, дамиды. Сондықтан мемлекеттік тілді білу бәрімізге маңызды. Біз өз тілімізді дамытуымыз қажет деп ойлаймын.
Аханова Нағима Дүйсенәліқызы,
Панфилов ауылдық кітапханасының кітапханашысы