Наурызда айында ұлыстың ұлы күнінен бөлек тағы да бір ерекше күн бар. Ол еліміздегі ерекше қорғалатын қорықтар мен ұлттық парктерде, резерваттарда өтетін «Парктер шеруі» экологиялық акциясы. Халықаралық деңгейде өтетін биылғы акцияны Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалы ауқымды деңгейде өткізді. Мақсаты – жастарға экологиялық тәрбие беру, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көкбастау орманшылығымен шекаралас орналасқан «Фазенда У Михалыча» базасында өткен салтанатты іс-шараға мектеп, колледж жастары қатысты. Атап айтқанда, Тұрар Рысқұлов атындағы №16 мектеп, №36 жалпы білім беретін орта мектеп, №18 жалпы білім беретін орта мектеп, Жамбыл Жабаев атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектеп, И.Ф Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп, Сәкен Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп, Абай атындағы ұлттық университет студенттері ұлттық парк туралы ақпаратқа қанықты. Іс-шараның құрметті қонағы болған альпинист, «Казальпинклуб» АҚ мүшесі Светлана Харитонова, Қазақстан Республикасының альпинисі Терновцев Виталий экологиялық акция жайлы ойларымен бөлісіп, бұл бастаманың жастар үшін тәрбиелік-тағылымдық мәні зор екенін жеткізді. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалының директоры Нурпеисов Дастан Даулетұлы бастаған мамандар мен қызметкерлер және Ақсай, Медеу, Түрген филиал қызметкерлері де белсене атсалысып, іс-шараның мақсатты өтуіне атсалысты. Акцияға демеушілік көрсеткен серіктестерге (Гелиос, Самал-су, ЖШС «Керемет су», СКЕ) бас директордың атынан алғыс хат берілді. Көшет отырғызып, өлкеміздің гүлденуіне белсене қатысқан қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырылды.