Аудан мәслихаттығына депутаттыққа үміткерлердің өңірдегі үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазақстан халық партиясы атынан түсіп жатқан Салимов Есбол да сайлаушылармен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасымен жіті таныстыру үстінде. Бұл жолы Есбол Абижайұлы сенімді өкілімен бірге азық-түлік тауарларын сатушылармен, көтерме сауда орындарында жұмыс істейтін қызметкерлермен кездесті. Олармен әңгіме-дүкен құрып, жұмыстарының барысын, табыстарының өнімділігін сұрады. Аудан экономикасын көтеру үшін қандай тиімді жолдар бар деген пікірін білді.
Кәсіпкерлік саланы дамытудағы аймақтың түйткілді мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Есбол Салимов жиналғандарды әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру, бүгінде ел алдында тұрған басым міндеттердің бірі – сыбайлас жемқорлықты жою сынды маңызды мақсаттар қамтылған өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарымен таныстырып, ақпараттық парақшаларын таратты. Кейбіріне жеке-жеке тоқталып кетті.
- Мені ұсынған Қазақстан халық партиясы халықтың өмір сапасын жан-жақты жақсартуды, халықтың таза ауыз сумен, сапалы жолдармен қамтылғандығын қолдайды. Осы мақсатта атқарылар жұмыстар да аз емес. «Бір жаңадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, бірлесе, жұмыла еңбек еткенде ғана оң нәтижеге жетеміз. Сіздерді алдағы сайлауда мені қолдауға шақырамыз. Біз алдымызға сіздердің сенімдеріңізді ақтау міндетін қоямыз, — деді үміткер сайлаушылар алдында.