ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталғалы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушылармен кездесулері толастаған емес. Өзін-өзі ұсынушы Қуаныш Смағұлов да қарапайым халықпен кездесіп, олардың ой-пікірін тыңдады. Өзінің сайлауға түсіп, бағын сынап жатқанын жеткізіп, сайлауалды бағдарламасында қамтылған өзекті деген тармақтармен таныстырды. Халық қалаулысы ретінде додадан өтіп жатса, өзінің жастық жігері мен қуат-күшін ел игілігі жолында жұмсайтынын жеткізді. Осы уақытқа дейін түрлі салады жұмыс істеп, жинақтаған тәжірибесін жұмыс барысында оңтайлы қолданатынына сенімді екенін білдірді.

  • «Көздерінде – от, сөздерінде – жалын бар, жаннан қымбат оларға ар» деп Мағжан ақын жастарға үлкен сенім артқан. Бұл біздің елімізде қалыпты жүзеге асып келеді. Көзі ашық, көкірегі ояу жастар билікке араласып, ел мен билік арасына алтын көпір болып, халықтың талап-тілегіне сай жұмыс істеу керек деп білемін өз басым. Сіздер де осы сайлауда белсенділік танытады деп сенемін, — деді Қуаныш Мұхаметәлі  кездесу соңында.