САУСАҚ БІРІКПЕЙ — ИНЕ ІЛІКПЕЙДІ

САУСАҚ БІРІКПЕЙ — ИНЕ ІЛІКПЕЙДІ

Талғар аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Гаухар Болатханқызы сайлаушылармен кездесті. Аталмыш лауазымға өзін-өзі ұсынушы үміткер кездесу барысында аудан бойынша атқарылып жатұан ауқымды жұмыстарды тілге тиек етіп, сол жұмыстардың алда да баянды болуы үшін біріге күш жұмсауға шақырды.

  • Қазақта «Саусақ бірікпей — ине ілікпейді» деген жақсы сөз бар. ол қазақтың ауызбіршілігін, бірлігін, ынтымақтастығын паш етіп тұр. Біз де осындай науқан кезінде біріге атсалысып, ел болашағы үшін жұмыс істейтін азаматтарды таңдауымыз керек, — деген Гаухар Абылдаева өзінің әлеуметтік-экономикалық бағытқа негізделген сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Кандидаттың сенімді өкілдері қай салада да тәжірибесі мол, іскер азаматтар жүруі керектігін баяндап, кандидат депуптат болған жағдайда өзіне жүктелер міндеттерді адал атқаратынан сенім білдірді.

Сайлаушылар саяси науқанда атсалысатындықтарын айтып, алдағы істеріне сәттілік тіледі.