Тәрбиешілер оң бағасын берді

Тәрбиешілер оң бағасын берді

Талғар  аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат  – Жакупбаева Айгерім Жомартқызы №8  балабақша  ұжымымен кездесті. Кездесу барысында үміткер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларымен таныстырып, сайлауалды бағдарламаның маңызын түсіндірді.  Жаңа Қазақстан құру жолындағы таңдаудың ел дамуына оң ықпал тигізетінін сөз етті.

—        Бала тәрбиесінің алатын орны ерекше екенін атам қазақ жақсы біледі. Олардың мектепке дейінгі тәрбиесімен ата-әжелері ғана айналысатын ортадан алыстағалы қай заман. Жаңа заманның баласы, алдағанға көнбейтін, көп нәрсені тез қағып алатын, техника тіліне бейім қағілездігімен ерекшеленеді. Олай болса, қазіргі таңдағы тәрбиешілерге артар жүктің де салмағы басым болмақ. Бұл жұмыстағы сіздердің еңбектеріңіз орасан зор, — деп тәрбиешілерге алғыс айтты. Алдағы сайлаудың жай-жапсарын айтып,  бағдарламасындағы  жұмыс жоспарына тоқталып кетті. Тәрбиешілер үміткердің халық жағдайын жақсартуға бағытталған сайлауалды бағдарламасына оң бағасын берді. Алдағы уақытта  өтетін саяси шараға белсенді түрде қатысамыз деп шешті.