Талғар аудандық мәслихат депутаттығына үміткер
АБЫЛДАЕВА ГАУХАР БОЛАТХАНҚЫЗЫ
Өмірбаяны
Мен, Абылдаева Гаухар Болатханқызы 1981 жылы 03 қыркүйекте Алматы облысы, Талғар ауданы, Рысқұлов ауылында өмірге келдім.
1987 жылы Т.Рысқұлов атындағы № 16 орта мектебінің 1-сыныбына барып, 1998 жылы мектепті бітірдім.
2000-2005 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық университетіне шығыстану факультетіне оқуға түсіп, 2005 жылы аталған университетті тәмамдадым.
2006-2008 жылдары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Ұлттық Экономикалық Университетінің бухгалтерлік есеп және аудит факультеті бойынша сырттай білім алдым.
Еңбек жолымды 2005-2007 жылдар аралығында «Золотой лев» ЖШС -де аудармашы болып жұмыс атқардым.
2008-2010 жылдар аралығында «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас экономисі қызметін атқардым.
2010 жылдың қараша айынан «АМАNАТ» партиясы Талғар аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі болып тағайындалып, осы уақытқа дейін аталған партияда қызмет атқарамын.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Құрметті сайлаушылар!
2025 жылдың 30 наурызында Талғар аудандық мәслихаттың № 4, 25 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды сайлау бойынша науқан өтеді. Бұл науқан сіздерге ғана емес бізге де маңызды таңдау жасауға негіз болмақ.
Ел азаматы ретінде мен де осы науқанда бағымды сынап көруге бел байладым. Осы уақытқа дейін еткен еңбек жолымдағы жинаған іс-тәжірибемді, білімім мен жігерімді ел игілігі жолында жүзеге асыру -ә ар азаматтың борышы деп білемін. Өзімнің сайлауалды бағдарламамда ауданның ауылдың өркендеуі жолындағы міндеттер мен мақсаттарды белгіледім.
- Ең бірінші – адам капиталының дамуына баса мән беремін. Ауылымыздың, ауданымыздың, еліміздің экономикасын дамытудың негізгі факторы ретінде адам капиталын қалыптастырып, өркендетуді ұсынамын.
- Ауылдың басты кәсібі – ауылшаруашылығы. Сондықтан шаруа қожалықтарды, а/ш тауар өндіруші кооперацияларды және ауылшаруашылық өнімдерін жан-жақты өңдеуді мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру.
- Экологиялық тазалық та басты орында болуы шарт. Ауылды көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын үнемі жүргізу.
- Әлеуметтік қорғау. Мүгедектерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға және көп балалы аналарға үнемі көмек көрсетіп, бақылауда ұстау.
- Медициналық қызмет. Ауылдағы медициналық қызметтің сапасын арттыру.
- Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жастармен үнемі жұмыс жүргізу. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылға жастарды шақырып, бос жұмыс орындарын ұсыну.
- Жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстарды жүргізіп, ауыл халқының әлеуметтік жағдайын көтеру.
- Бүгінгі заман интернет заманы. Сондықтан ауылдық жерлерде ұялы байланыс қызметінің дүрыс жүруіне көңіл бөлу, тиімтді тетіктерді іске қосу.
Кандидат в депутаты Талгарского районного маслихата
АБЫЛДАЕВА ГАУХАР БОЛАТХАНОВНА
Автобиография
Я, Абылдаева Гаухар Болатхановна, родилась 03 сентября 1981 года в селе Рыскулова Талгарского района Алматинской области.
В 1987 году поступила в 1 класс средней школы № 16 им.Т. Рыскулова, в 1998 году окончила школу. В 2000-2005 годах поступиал в Казахский национальный университет имени Абая на факультет востоковедения, в 2005 году окончила данный университет. В 2006-2008 годах обучалось заочно на факультете бухгалтерского учета и аудита Казахского национального экономического университета им.Т. Рыскулова.
Трудовую деятельность с 2005 по 2007 годы работаал переводчиком в ТОО» Золотой лев».
С 2008 по 2010 годы работала главным экономистом республиканского государственного предприятия «Республиканский книжный музей».
С ноября 2010 года назначен заведующим сектором учета и статистики Талгарского районного филиала партии «АМАNАТ», до настоящего времени работаю в данной партии.
ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА
Уважаемые избиратели!
30 марта 2025 года состоится акция по выбытию кандидатов вместо выбывших депутатов Талгарского районного маслихата по одномандатным территориальным избирательным округам № 4, 25. Эта кампания станет основой для того, чтобы сделать важный выбор не только для вас, но и для нас. Как гражданин страны, я также решил попробовать свой сад в этой кампании. Я считаю долгом гражданина-реализовать накопленный до сих пор опыт, знания и энергию на благо страны. В своей предвыборной программе я обозначил задачи и цели на пути процветания села района.
- И самое первое – акцентирую внимание на развитии человеческого капитала. Предлагаю формировать и развивать человеческий капитал как основной фактор развития экономики нашего села, района, страны.
- Главное занятие села-сельское хозяйство. Поэтому повышение эффективности государственной поддержки крестьянских хозяйств, с/х товаропроизводящей кооперации и комплексной переработки сельскохозяйственной продукции.
- Экологичность также должна быть на первом месте. Регулярное проведение работ по озеленению, санитарной очистке села. Социальной защиты.
- Постоянно оказывать помощь и держать на контроле инвалидам, пенсионерам, ветеранам, малообеспеченным семьям и многодетным матерям.
- Медицинской деятельности. Повышение качества медицинских услуг на селе. Организация эффективного использования досуга детей и молодежи, формирование здорового образа жизни. Постоянная работа с молодежью. По программе «С дипломом в село» приглашать молодежь в село и предлагать вакансии.
- Проведение работы по государственным программам, направленным на обеспечение занятости населения, повышение социального положения сельского населения.
- Современность-это время интернета. Поэтому в сельской местности необходимо обратить внимание на оперативность обслуживания сотовой связи, запустить эффективные механизмы.