ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

Талғар аудандық мәслихат депутаттығына үміткер

 ЖАКУПБАЕВА АЙГЕРІМ ЖОМАРТҚЫЗЫ

 Өмірбаяны

       Мен, Жакупбаева Айгерім Жомартқызы, 1984 жылдың 6 наурызында Туғанбай ауылында дүниеге келдім.

2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша аяқтадым.

2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітіріп, «Қаржы» мамандығын игердім.

2009 жылы Орталық Азия университетін бітіріп, «Құқықтану» мамандығына ие болдым.

Еңбек жолым 2006 жылы Талғар ауданы, № 30 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі ретінде басталды.

2007-2012 жылдар аралығында Талғар аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына инспектор лауазымына тағайындалдым.

2018  жылдан осы күнге дейін Талғар аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысымын.

2008 жылдан «AMANAT» партиясының мүшесімін.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Менің сайлауалды бағдарламамның басты мақсаты – қаламыздың дамуына үлес қосып, қоғам сұранысына дер кезінде жауап беріп және азаматтардың нақты мәселелерін шешу. Осы орайда мені депутат ретінде сайласаңыздар, келесідей өзекті мәселелердің шешу үшін жұмыс істеймін.

 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелер

  • Менделеев көшесіндегі аулаларға жарық шамдарының орнатылуына қаржы қарастыруға;
  • Менделеев көшесінде орналасқан №4, №6 үйлердің ауласына балалар алаңын салуға және осы үйлердің аулаларын абаттандыруға;
  • Автобаза шағын аудандағы көпқабатты үйлерге бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін шатырларына, қасбеттеріне ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлуге;
  • Автобаза ықшам ауданын сумен және екі қабат көппәтерлі үйлерді жылумен қамтамасыз етуге;
  • Автобаза ықшам ауданындағы аулаларды абаттандыру мен көгалдандыруға;
  • Покрышкин, Арычный көшелерін жарықтандыруға;
  • Медицинский көшесіне асфальт төсеуге;
  • «Жастар» стадионына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
  • Қонаев көшесіндегі №164, 166, 168 үйлердің алдын абаттандыру және балалар спорт алаңын салуға, Ноғайбаев көшесінің бойына балалар алаңын салуға күш жігерімді жұмсаймын.

 Халықты жұмыспен қамту

  • Талғар қаласы бойынша жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға;
  • Жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелердің ашық әрі әділ берілуін қадағалап, тұрғындардың өз ісін бастауына қолдау көрсетуге;
  • Шағын және орта бизнесті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлермен бірге әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға міндеттенемін.

Білім және денсаулық сақтау салалары

Автобаза ықшам ауданында орналасқан мемлекеттік тіс ауруханасының материалдық-техникалық базасын күшейтіп, заманауи медициналық құралдармен жабдықталуға;

  • Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы әрі тұрақты медициналық қызмет көрсетілуіне атсалысуға;
  • Білім мекемелерінің құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаражаттың бөлінуіне ықпал етіп, уақтылы жөндеу жұмыстарының аяқталуына;
  • Білім беру ордаларында кабинеттердің (физика, химия, биология, STEM кабинеттерін) жабдықталуының қамтамасыз етілуіне ықпал етемін.

Әлеуметтік мәселелер

  • «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Талғар қаласында әлеуметтік осал топтарға және мүгедектігі бар жандарға жан-жақты қолдау көрсету, қала бойынша пандустардың тиісті жерлерге салынуын бақылауда ұстауға;
  • Халықпен тығыз байланыста болып, түскен шағымдар мен ұсыныстардың уақытылы шешілуіне жәрдемдесуге;
  • «Қауіпсіз қала» жобасының орындалуына атсалысамын.

 

Кандидат в депутаты Талгарского районного маслихата

 ЖАКУПБАЕВА АЙГЕРИМ ЖОМАРТҚЫЗЫ

 Автобиография

 

Я, Жакупбаева Айгерим Жомарткызы. Я родилась 6 марта 1984 года в селе Туганбай Талгарского района.

В 2005 году окончила Казахский национальный университет имени Аль-Фараби по специальности «История».

В 2007 году получила второе высшее образование в Казахском национальном педагогическом университете имени Абая по специальности «Финансы».

В 2009 году завершила обучение в Центрально-Азиатском университете по специальности «Юриспруденция».

Трудовую деятельность начала в 2006 году в средней школе №30 Талгарского района в качестве учителя истории.

С 2007 по 2012 годы работала инспектором Талгарского районного Центра обслуживания населения.

С 2018 года по настоящее время являюсь руководителем Талгарского районного Центра обслуживания населения.

С 2008 года являюсь членом партии «AMANAT».

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

 Уважаемые избиратели!

       Моя главная цель в предвыборной программе — внести вклад в развитие нашего города, оперативно реагировать на запросы общества и решать конкретные проблемы граждан. В связи с этим, если вы выберете меня депутатом, я буду работать над решением следующих проблем своего избирательного округа.

Вопросы жилищно-коммунального хозяйства

  • Выделение финансирования на установку уличного освещения во дворах по улице Менделеева;
  • Контроль за строительством детской площадки во дворах домов №4 и №6 на улице Менделеева, за благоустройством этих дворов.
  • Финансирование из местного бюджета текущего или капитального ремонта крыш и фасадов многоквартирных домов в микрорайоне «Автобаза» для придания им единого архитектурного облика;
  • Обеспечение водоснабжением и теплоснабжением двухэтажных многоквартирных домов микрорайона «Автобаза»;
  • Благоустройство и озеленение дворов в микрорайоне «Автобаза»;
  • Освещение улиц Покрышкина и Арычное;
  • Асфальтирование улицы Медицинской;
  • Проведение капитального ремонта стадиона «Жастар»;
  • Благоустройство территории перед домами №164, 166, 168 на улице Кунаева и устройство детской спортивной площадки, установка детской площадки на улице Ногайбаева;

 Трудоустройство населения

  • Организация общественного контроля за прозрачностью государственных программ поддержки новых бизнес-идей в городе Талгар;
  • Контроль за справедливым и прозрачным распределением льготных кредитов для молодых предпринимателей, содействие развитию малого и среднего бизнеса;
  • Поддержка малого и среднего бизнеса и реализация социально значимых проектов совместно с предпринимателями.

 Система оброзования здравоохранения

  • Укрепление материально-технической базы государственной стоматологической поликлиники в микрорайоне Автобаза, оснащение современным медицинским оборудованием;
  • Обеспечение качественного и стабильного медицинского обслуживания пенсионеров и людей с ограниченными возможностями.
  • Выделение бюджетных средств на строительство и капитальный ремонт образовательных учреждений, контроль за своевременным завершением ремонтных работ;
  • Оснащение учебных заведений специализированными кабинетами (физика, химия, биология, STEM).

Социальные вопросы

  • В рамках партийного проекта «Кедергісіз келешек» оказание всесторонней поддержки социально уязвимым слоям населения и людям с ограниченными возможностями, контроль за обустройством пандусов в необходимых местах города Талгар;
  • Оперативное реагирование на жалобы и предложения населения;
  • Содействие реализации проекта «Безопасный город».