ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТЫҒЫНА
№25 БІРМАНДАТТЫ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША КАНДИДАТ
ДАНАЕВ БОЛАТЖАН АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Өмірбаян
Мен, Данаев Болатжан Алпысбайұлы 1973 жылы 17 қазанда дүниеге келгенмін.
2000-2006 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жылумен және газбен қамтамасыз ету желдету және ауаны қорғау» мамандығы бойынша білім алдым. Мамандығым — инженер.
2010-2012 жж. аралығында «Тұран» Университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алдым.
2003ж. «Тараз газ басқармасы» ЖШС-де, жер асты және жер үсті газ құбырларының слесарі ретінде еңбек жолымды бастадым.
2006-2007 жылдары «АГС-Сервис» ЖШС шебер маманы.
2007-2012 жылдары «Тәуекел-Т» ЖШС директоры.
2012-2013 жылдары «Даму Констракшн» ЖШС директоры.
2013-2014 жылдары «Жетісу-ОблГаз» ЖШС директорының орынбасары.
2014-2017 жылдары «Yabokoil» ЖШС директоры.
2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Талғар газ шаруашылығы директоры қызметін атқарудамын.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар!
Менің сайлауалды бағдарламамның басты мақсаты – ауылымыздың кешенді дамуына үлес қосып, әрбір тұрғынның өмір сүру сапасын жақсарту. Осы орайда мені депутат ретінде сайласаңыздар, келесі мәселелерді шешуге атсалысамын.
- Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық сапасы
- Нұра ауылындағы 9 көшеге жарық шамдарының орнатылуына, ауыстырылуына ықпал етемін.
- Нұра ауылының ықшам аудандарында сапасыз жөнделген су құбырларын тексеріп, жаңарту жұмыстарын жүргізуге күш жұмсаймын.
- Нұра ауылындағы Бәйдібек, Төле би, Дулат, Нұра-1, Нұра-2 ықшам аудандардың жолдарына тас төсеп, көше жарығын орнатып беруге қол ұшымды созамын.
- Туғанбай, Өстемір, Нұра ауылдарын газдандыру бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылуына атсалысамын.
- Туғанбай ауылының тұрғындарын үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін бақылауға аламын.
- Туғанбай ауылы мен Қара-өзек және Қаратоған ауылдарының жолдарына тас төсеп беруді бақылауға аламын.
- Өстемір ауылының «Жаңа құрылыс» ықшам ауданының жолына тас төсеу, жарық орнатуды бақылауға аламын.
- Қоғамдық көлік бағыттарын көбейтіп, автобус аялдамаларын салуға және жаңартуға ықпал етемін.
- Алматы қаласынан Туғанбай ауылына қатынайтын №223 бағыттағы қоғамдық көлікті Қаратоған ауылына дейін қатынауы үшін жұмыс жүргіземін.
- Ауылдар аумағындағы тозығы жеткен электр желілерін кезең кезеңімен жаңартып, электр энергиясының үздіксіз берілуін ерекше бақылауға аламын.
- Қаратоған ауылының мал жайылымына арналған жер учаскелерінің жоқтығына байланысты, мемлекетке «Жер Аманаты» жобасы аясында қолданылмай жатқан жер телімдерін қайтаруға ұсыныс беремін.
- Денсаулық сақтау саласы және білім саласы
- Қазіргі қолданыстағы Нұра ауылындағы дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу үшін бюджеттен қаржы қарастырамын.
- Нұра ауылының амбулаториясының материалдық-техникалық базасын күшейтуге, заманауи медициналық құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуге ықпал етемін.
- Білім мекемелерінің құрылысы мен күрделі жөндеулеріне бюджеттен қаражат қарастыруды көтеремін.
- Нұра ауылының №12 орта мектебінің жөндеу жұмыстарының аяқталуын бақылаймын.
- Нұра ауылдық округінің барлық мектептерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тиісті жабдықтармен жарақтандыру бағытында жұмыстарға көңіл бөлемін.
- Әлеуметтік мәселелер
- Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың кезегіне сәйкес тұрақты баспанаға қол жеткізуін бақылауда ұстаймын.
- «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуына жәрдем етемін.
- «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті инфрақұрылымды дамытуға ықпал етемін.
- Нұра ауылдық округі бойынша бойынша жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылау жүргізуді ұйымдастырамын.
- Жастар мәселесі
- Жастарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін кеңейтуге атсалысамын.
- Ауылымызда жастарға арналған мәдени іс-шаралар, фестивальдар мен спорттық жарыстарды жиі өткізіп, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастырамын.
- Ауыл жастарының қоғамдық өмірге белсене араласуына жағдай жасап, еріктілер қозғалысын дамытуға ден қоямын.
Құрметті Нұра ауылдық округінің тұрғындары!
Қадірменді жерлестер!
2025 жылдың 30 наурызында Нұра ауылдық округіне қарасты №25 сайлау округі бойынша депутаттық сайлауы өтеді. Бұл науқан аясында сіздерге маңызды таңдау жасау керек.
Біз тарихымыздан тағылым, өткенімізден өнеге алған халықпыз. Бүгін де Тәуелсіздіктің арқасында — тарихы мен тағдыры ортақ халыққа айналдық. Татулық пен бірліктің нәтижесінде өркениет биігіне бірте-бірте қадам жасап келеміз. Ел азаматы ретінде халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізу басты мақсатым. Өзіме артылатын жауапкершілікті сезіне отырып, осы уақытқа дейін жинаған іс-тәжірибем, білімім мен жігерімді біріктіре отырып, сайлауға қатысуға бел будым. Еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етуге дайын екенімді жеткізгім келеді. Аудандық мәслихат депутаты болып сайлансам, басты мақсатым Нұра ауылдық округінің кешенді дамуына үлес қосып, әрбір тұрғынның өмір сүру сапасын жақсарту болмақ.
Менің сайлауалды бағдарламаммен танысып, 30 наурызда Нұра ауылдық округінің гүлденуі үшін өз дауысыңызды беруге