Мемлекеттік жоба іс жүзінде: ЗЕЙНЕТТЕН КЕЙІНГІ ӨМІР – ЖАҢА ОРТАЛЫҚТА

Мемлекеттік жоба іс жүзінде: ЗЕЙНЕТТЕН КЕЙІНГІ ӨМІР – ЖАҢА ОРТАЛЫҚТА

Зейнеткерлік жастағы азаматтарға толыққанды және сапалы қызмет көрсету мақсатында жұмыс істеп жатқан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» енді Талғарда да бар. Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспарында енгізілген жоба Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен жұмысын бастады.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан зейнеткерлерімен қатар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова, облыстық «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ  басшысы Сания Сакташева, аудан әкімінің орынбасары Әнуар Әскербеков қатысты.  Орталықтың лентасын қиылып, сөз алған құрметті қонақтар жылы лебіздерін білдірді. Айгүл Ахметова облыс бойынша Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Балқаш, Іле, Қарасай, Ұйғыр, Кеген, Райымбек аудандары мен Қонаев, Алатау қалаларында жемісті жұмыс істеп жатқан орталықтың филиалдары туралы ақпарат беріп өтті.

 Бүгінде Талғар аудандық филиалында 2000-нан аса зейнеткер тіркелген. Олар үшін иога, сурет салу өнері, ән-би, т.б. үйірмелері мен түрлі мәдени-рухани клубтар  тұрақты түрде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар дәрігер мамандар зейнеткерлердің денсаулығын үнемі қадағалап,  психолог пен заңгерлер кеңес береді. Ұлттық өнерді ұрпаққа дәріптеу мақсатындағы іс-шараларға да басымдық берілу жағы ұмыт қалмаған. Орталыққа келіп жүрген егде жастағы талғарлықтар өздерінің қоғам­ға белсенді түрде араласып,  психоэмоционалдық жағдайы жақсарып жатқандығын айтуда.  Қарияларымызға деген қамқорлығымызды арттыруға, олардың өмір сапасын жоғарылата түсуге бағытталып іске қосылған «Белсенді ұзақ өмір орталығына»  келушілер бір-бірімен емен-жарқын әңгімелесіп, жан тыныштығын тапқандарына дән риза.

#белсендіұзақөмір #центрдолголетие #зейнеткер #тиімдіуақыт