Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы басты назарда

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы – азаматтардың мемлекеттік аппаратпен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын маңызды алаңардың бірі болып табылады.

Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес азаматтар мен олардың игілігі басты құндылық болып табылатын мемлекеттік басқарудың сервистік және адамға бағдарланған моделін қалыптастыру көзделген.

2024 жылы елімізде 277 млн. жуық мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 92% электронды түрде, 7% мемлекеттік корпорация арқылы, 1% – қағаз жүзінде көрсетілген.

Бұл ретте, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарымен 11,7 млн қызмет көрсетілген.

Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментіне 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша 521 өтініш келіп түскен.

Өтініштердің басым көпшілігі жер қатынастары (55%), сәулет және қалақұрылысы (24,4%), еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету (13%) салаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысына қатысты түскен анықталды.

Сонымен қатар, профилактикалық бақылау, тексеру және мониторинг нәтижесінде жалпы 2 902 бұзушылық анықталып, тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 41 қызметкері тартылған болатын. Рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін 87 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 021 120  теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Өткен жылы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға (бұдан әрі — Заң) көрсетілетін қызметті алуға қайта жүгіну қажеттілігінсіз қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру тетігі енгізілді (2024 жылғы 8 маусымда заңды күшіне енді).

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын 400-ден астам нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған 60-тан астам ақпараттық жүйелер бар.

Бүгінгі күні Агенттіктің бастамасымен қызмет алушылардың құқықтарын олардың қайта жүгіну қажеттілігінсіз, Агенттіктің ұсынымы негізінде қалпына келтіру жөніндегі функционалы «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде қарастырылды.

Сәйкесінше, өткен жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына сыртқы байқау (қашықтықтан бақылау) жүргізу нәтижесінде өңірде 746 бұзушылық анықталды. Аталған бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары саласына тиесілі.

Қазіргі уақытта көрсетілетін қызметті берушілердің иелігіндегі басқа да қолданыстағы ақпараттық жүйелерге бұрын көрсетілген қызметтің нәтижесін қайта қарау бойынша тиісті функционалды («Е-лицензиялау» АЖ ұқсас) енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында цифрлық әдістер де қолданылып келеді. Қазіргу ақытта барлық бақылау шаралары  «е-Qyzmet» ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Жаңа тәртіп бойынша аясында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің мониторингтеу және үлкен ақпараттарды таладу секілді мемлекеттік бақылаудың цифрлық әдістеері қолжетімді болды. Бұл бұзушылықтарды уақытылы анықтауға және жедел алдын алуға қосымша мүмкіндіктер береді.

Заманауи үрдіске сәйкес азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою, олардың құқықтарын қорғау мақсатында EgovKZBot телеграмм-платформасында Департаменетке шағымдану функциясы қосылған. Ол арқылы қызмет алушылар өз шағымдарын жолдап, мәселелерін санаулы минуттарда шешуге мүмкіндіктері бар.

 

Н. Сейдалиев,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің

басшысы