2018 жылғы 6-8 ақпанға арналған ауа-райы болжамы
Демалыс күндері аяздың және қардың әлсіреуіне себеп болған циклон басылуда. Оның орнына антициклон қайта оралып, кезекті суық әкелді. Бірақ, температураның төмендеуі шамалы және қысқа мерзімді болады, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Егер өткен аптада ауа температурасы нормадан 15-22 градус төмен болса, алдағы үш тәулікте ол нормаға жуық және 2-4 градусқа одан төмен болады. Батыс облыстарда ауа температурасы әдеттегідей нормадан 3-8 градусқа дейін жоғары болады»- дейді мамандар.
Талғар-ақпарат