Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі»газетіне берген сұхбаты халық арасында кеңінен талқыланып,қоғамдағы бірнеше тақырыптарды көтерді.
Атап айтар болсақ,қазақ тілінің мәртебесі мен қолдауы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазақ тілді медияны қолдау туралы айтқаны, оның оның тіл мәселесіне деген ерекше назарын көрсетеді.Іс жүзінде қазақ тілін дамытудың қажеттігін атап өтті.
2. Сонымен қатар бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты да қоғамның пікірін ескере отырып шешім қабылдау ел арасында оң бағаланды.Бұл мәселені шешу кезінде барлық тараптардың мүддесін ескерудің маңыздылығын атап өтті.
3. Экономикамызға басымдық, тұрақтылықты нығайту басты міндет екенін де атап өтті.
4. Көктемгі су тасқынының салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатқандығы, және де бірде бір от басы көмексіз қалмайтындығы атап өтілді.
5. Заң мен тәртіп қағидасы да өзекті мәселе болып табылады, және бұл ретте заңға бағынбасақ, оған құрметпен қарамасақ, әділетті Қазақстан құрып, оны өркендете алмайтынымыз анық екендігін айта кетті.
6. Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша да ерекше тоқтала кетті, атап айтар болсақ, субсидия мен аз пайызды несие беру арқылы еліміздің экономикасының артып келе жатқандығын атап өтті.
7. Сонымен бірге қаңтар оқиғасына да тоқталып,ел іргесінің тыныштығын бұзу мақсатында жасаған бүлікшілерге тойтарыс беріп, қатер төнген сәтті еліміздің жадынан өшіру үшін әрекет жасауына жол бермеу қажеттігін де алға тартты.
8. Жемқорлықпен күресте жоғарғы талаптардың бірі, және де жемқорлықпен айналысатын мекеме басшыларына да дұрыс шешімдер қабылдау керектігін, және де әрбір шешімнің артында адамның тағдыры тұрғанын ұмытпау керектігін атап өтті.
9. Қазақстан мен Ресей арасындағы байланысқа да тоқтала кетіп, екі ел арасындағы сауда- экономикалық байланыстарды нығайту үшін қарқынды жұмыстар атқарылып жатқандығын, және де ары қарай дами беру керектігіне де тоқтала кетті.
Серик Думчибаев,
«AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының төрағасы