2022 ЖЫЛҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ АФРИКАДА ӨТУІ МҮМКІН

2022 ЖЫЛҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ АФРИКАДА ӨТУІ МҮМКІН

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2022 жылғы жастар арасындағы Олимпиада ойындарын Африкада өткізуді ұсынды, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Егерде бұл ұсынысты бәрі қолдаса, ҰОК Африкалық ұлттық комитеттерімен тығыз байланысты болып, бұл мақсатты жүзеге асыруға көмектеседі. «Иә, біз 2022 жылғы жастар арасындағы Олимпиада ойындарын қабылдайтын ел Африка құрлығынан болғанын қалаймыз», — деді Томас Бах.

Естеріңізге сала кетсек, биыл жастар арасындағы жазғы Олимпиада ойындары Буэнос-Айресте өтеді. Аталыш жарыс қазанның 6-ы мен 18-і аралығында өтеді деп жоспарлануда.

Фото — olympic.org

Талғар-ақпарат