МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША

Мемлекеттік қызмет көр­сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы­сындағы негізгі ұс­таным­дардың бірі.

Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз не?

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Осы бағытта, «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-і мемлекттік техникалық инспекция саласы бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу.
  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу.
  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру.
  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу.

Жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қабылдау, қызмет берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Тіркеу құжатын және мемлекеттік нөмірлік белгі беру — портал арқылы – 1 жұмыс күн, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күн. Кепіл тіркеу — 2 жұмыс күн. Тракторшы-машинист куәлігін, куәліктің телнұсқасын алған, ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде — Тракторшы-машинист куәлігін берген кезде – жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні.

Куәлік жоғалған кезде «Телнұсқа» деген белгімен жаңа куәлік:

1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

2) куәлік берген көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба негізінде, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген орны бойынша куәлікті бергені туралы мәліметтер болмаған жағдайда – құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.

Техниқалық байқаудан өткізу — Машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша өтінім тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Машиналар тіркеу пунктіне берілген жағдайда – өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

Көрсетілетін қызметті берушінің — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру — сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Мекен-жай: Талғар қаласы, Д.А.Қонаев 65 көшесі, әкімшілік ғимараты,

тел. 295-63-42.