Қылышын сүйреткен қыс мезгілімен де қауышар күн алыс емес. «Кәрі құда» қатал мінез көрсеткенде жағдайдың қалай өрбитінін ешкім болжай алмайтыны түсінікті. Оның қаһарына төтеп беру әрине, жан-жақты дайындықты талап етеді. Жергілікті әкімдік пен тиісті мекемелер қыстың қамын жазда ойластырды ма? Міне, осы мәселелерді біз тақырып нысанына алып, саралап көрдік.
– Қылышын сүйретіп қыс келе жатыр, аязды маусымға қандай дайындық жұмыстары жүргізуде,
– Ағымдағы жылдың 9 айында «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірқатар ауқымды жұмыстар атқарды. Талғар ауданында бюджеттік саланың 103 нысаны бар. Оның ішінде: білім беру объектілері — 57, денсаулық сақтау- 35, мәдениет – 6, спорт — 5. Сұйық отынмен 19 нысан жылытылады. Жалпы қажеттілік — 729,8 тонна. Білім беру саласында 12 нысан сұйық отынмен жыылытылады. Қажеттілік — 610 тонна,Қыс қыр астында оның 240,2 тоннасы жеткізілді, денсаулық сақтау мекемелерінде 4 нысан, қажеттілік — 93 тонна, спорт 3 нысан, қажеттілік — 26,6 тонна. Қазіргі таңда 19 блок-модульдік қазандықтың жобалау жұмыстары аяқталып, 9 жоба мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. 4 жоба бойынша мердігер ұйымды анықтау үшін конкурс жариялануда. 6 БМҚ жобасы бойынша мердігерлер анықталып, құрылыс-жұмыстары жүргізілуде.
– Ауданымызда қатты отынға қажеттілік қалай?
– Қатты отынмен 17 нысан жылытылады, бұл нысандардың қажеттілігі — 394 тонна. Денсаулық сақтау 16 нысан, мәдениет үйлері арасында 1 нысан қатты отынды қажет етеді. Оған 150 тонна көмір қажет. Көмір бағасын біз бақылай алмаймыз. Алайда тұрғындарға жаз кезінде сатып алуға кеңес береміз. Сақтық шаралары туралы да әлеуметтік желілер арқылы хабарландырып отырамыз. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың отбасына барып, көмектесіп, газдан уланудың алдын алу шараларын өз қолымызбен жасап қайтамыз. Жеке сектордың қатты отынға деген қажеттілігі 82 000 тоннаны құрайды. Ауданда 2 отын базасы бар олар: «Хасанов» ЖК, «Шамалған көмір» ЖШС. Бір тонна көмірдің бағасы 19500-20500 теңгені құрайды. Көмір бағасы маркасына байланысты. Қазіргі уақытта көмір сатып алуда дүрбелең байқалмайды. Ешқандай жылыту қазандығына, көгілдір отынға қосыл-
маған Талғар қаласындағы Қашқари көшесіндегі екі қабатты үйлер келесі жылы біз күткен жылыту қазандықтарына қосылады. Жылыиу қазандығының екеуі Ақдала ауылында, екеуі Талғар қаласында.
– Газдандыру жұмысы қалай жүріп жатыр?
– Ауданымыздағы елді мекендердің 70 пайызға жуығы көгілдір отынға қосылды. Табиғи газбен 62 нысан жылытылады. Оның ішінде білім беру нысандары – 45, денсаулық сақ тау — 9, мәдениет – 5, спорт — 1, әлеуметтік нысандар — 2. Бір денсаулық сақтау нысаны электрмен жылытылады, сондай-ақ 4 жалға алынған денсаулық сақтау объектілері жалға беруші тарапынан жылытылады. 1 текше/м газдың құны – 53,18 теңге. Бір білім беру нысаны Алматы қаласының орталық жылытуына қосылған, 2 білім беру нысаны Мәдениет үйі мен №17 мектеп ғимараттарын жалға алады. 1 спорт нысаны биатлон кешеніндегі ғимаратты жалға алады. Қазіргі таңда жанармайға өтінім беріліп, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
– Көпқабатты үйлердің жылу жүйесі туралы айта кетсеңіз.
– Талғар ауданында 252 көпқабатты үй бар, оның ішінде Талғар қаласында 164 көпқабатты үй бар. Қаланың орталықтандырылған жылу жүйесі 1998 жылы тоқтатылды. Осы сәттен бастап көп қ аб ат т ы ү й лерд і ң тұрғындары қатты және сұйық отынмен, электрмен жылытылды. Оның салдарынан оқыс оқиғалар да орын алып жатты. 2018 жылдан бастап қаланың жылу жүйесі қайта іске қосыла бастады. Жылу қ ұбырлары жаңа. Сол жылдан бастап 32 БМҚ орнатылса, 138 көпқабатты тұрғын үй немесе 4255 пәтерге жылу берілді. 2022 жылы «Талғар қаласы мен ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін автономды блокты-модульдік газ қазандығын салу» 19 жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүргізілді. Талғар қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы саны 30 болса, пәтерлер саны 529. Мұндай көпқабатты үйлер Бесағаш, Кеңдала, Панфилов, Алатау сынды ауылдық округтерде де бар.
– Қыстың күні ауыз судың мәселесі де көп айтылыды. Су құбырлары жарылады немесе судың қысымы азаяды. Осындай жағдайдың ң алдын алу үшін қандай жұмыстар жасалуда?
–Ауызсу саласында сақталған мәселелер аз емес. 46 елді мекеннің 45-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз е т і л г ен. Қ а м т у дең г ей і 98%. Желілердің тозу деңгейі 90% құрап отыр.Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және желілердегі тозу деңгейін төмендету мақсатында:
— Бірлік, Талдыбұлақ, Алтын-Дан, Шымбұлақ ауылдарын және «Березка»
саяжайын Талғар топтық су құбырына (5 іске қосу кешені) қосу жұмыстары жүргізілді. Желілер ұзындығы-54,1 км. Жоба құны – 1,7 млрд. теңге. Мердігер – «Мелиоратор» ЖШС. Құрылыс жұмыстары аяқталды.
— Алмалық, Амангелді, Байбұлақ ауылдарын Талғар топтық суағарына млн теңге. Мердігер – «Мелиоратор» ЖШС. Құрылыс жұмыстары аяқталды. Осы жобалар Алатау және Белбұлақ ауылдық округтеріндегі 15 мың тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. 2022 жылдан бастап Талғар қаласының селден қорғау бөгетінен №2 алаңына дейін магистральдық су құбырын реконструкциялау және салу жұмыстары жалғасуда. Желілердің ұзындығы — 20 км. Жоба құны – 2,8 млрд теңге. Мердігер «Толағай 2050» ЖШС. Жоба түзетуден өтуде. Күрделі мәселелердің бірі – Бесағаш ауылының су жүйесі болып табылады. Ауылдың су жүйесіне қызмет көрсететін «ТасҚұмСу» ЖШС «Алматы су» мекемесі алдында 276 млн. теңге қарызы болуына және желілерінің тозуы, жаз айларында Бесағаш ауылының 25 мың адамы ауыз су тапшылығын сезінеді.
– Сізбен сұқбаттасудың сәті түсіп тұрғанда электрмен жабдықтау саласы туралы да сұрай кетсем артық болмас.
– Талғар қаласы Әуезов шағын ауданының 10,4 шақырым электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 198,6 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 4 трансформаторлық қосалқы станция орнатылып, 10,4 шақырым электр желілері ауыстырылды. Жұмыстарды ағымдағы жылы қаражат бөлінген жағдайда аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар,
Қызыл-Қайрат ауылы «Келешек» ы.а., Аманкелді ауылы, Гүлдала ауылы, Кіші Байсерке ауылы, Нұра ауылы Төле би және Бәйдібек ы.а. жаңа құрылыс аймақтардың электр желілерін салуға 5 жоба әзірленіп, 2024 жылға бюджеттік өтінім беріліп, құрылыс жұмыстарына 1,159 млрд. теңге берілді. Мердігер мекеме «Бауыр Құрылыс Компаниясы» ЖШС-сі.
– Уақыт бөліп сұқбат бергеніңізге рахмет!
Әбдіқадір ЗОРАГҮЛ