Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті

Нағыз құқықтық мемелекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу. «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемелекттік органның ортақ жұмысы.

«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тапсырмасын орындау мақсатында аудандық санитариялық-эпидемиолоиялық бақылау басқармасында жұмыстар жүргізілуде.Халықтың санитариялық-эпидемиолоиялық салауаттылығы саласында барлық мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы және www.e.gov.kz «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды цифрлы қолы бар болу арқылы ала алады.Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №336 бұйрығымен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиолоиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілген қызметтер стандарттарына сәйкес қаралып, заңмен белгіленген тәртіпте жауап беріледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері «Е-Өтініш» бағдарламасы арқылы тіркеліп, Қазақстан Республикасының 2020жылғы  29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексімен белгіленген тәртіпке қаралады.

Санитариялық-эпидемиолоиялық салауаттылығы саласында, Сіздердің құқықтарыңызды шектеу жағдайы анықталғанда Талғар аудандық санитариялық-эпидемиолоиялық бақылау басқармасының 2-14-66, 295-67-39, сенім телефондарына хабарласуларыңызға және talgar_ses@gov.kz электрондық пошта мекен-жайына жолдауға болады. Сонымен қатар, басқарма басшысы жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін дүйсенбі сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, сәрсенбі 10:00-ден 17:00-ге дейін, бейсенбі  10:00-ден 16:00-ге дейін, басшының орынбасары сейсенбі сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, жұма 10:00-ден 17:00-ге дейін күндері (түскі үзіліспен) қабылдайды.

 

Б.Успанов,

                                    Талғар аудандық СЭББ басшысы