Педикулез (педикулез, бит) – адам ағзасында биттердің паразитизациясынан туындаған жұқпалы ауру, бұл ауру әркімде бірдей дәрежеде болуы мүмкін. Педикулез, әдетте, гигиена нормаларын бұзудың салдарынан пайда болады. Биттер әдетте биттеген адамдармен байланыста болғанда, көбінесе балалар арасында ұжымдық қатынаста болғанда, киімді, төсек-орын жабдықтарын, әжетхана заттарын (тарақ, щетка және т.б) ортақ пайдаланғанда жұғады.
Педикулез ауруын жұқтыру қаупі көбінесе мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы, яғни ұжымдардағы, көп адамдармен қатынаста болатын балаларда, сонымен қатар халықтың әлеуметтік халі нашар топтарда (тұрақты мекен-жайы жоқ адамдар т.б. адамдар тобында) тіркеледі.
Өкінішке орай, педикулезді кез-келген жерде жұқтырып алуға болады: дүкенде, пойызда немесе басқа қоғамдық көлікте, бассейінде және жастықта жаңа иесін 2-3 күн күте алады. Бит індеті бөртпе сүзек, қайталама сүзек сияқты және т.б. қауіпті жұқпалы аурулардың потенциалды жұқтырушысы болып табылады.
Олардың қаншалықты алуан түрлілігіне қарамай, паразиттер тек адамдарда тіршілік етеді. Жалпы қайызғақтан бастап, бас терісінің экземасына дейін жұқтыра аласыз, сондықтан бұл гигиеналық заттар мен төсек-орын жабдықтары жеке-жеке болуы керек.
Педикулездің негізгі симптомы – үнемі мазалайтын терінің, бас терісінің қатты қышуы. Биттердің жалғыз тасымалдаушысы — бұл адам.
Әрқашан алдын-алудың қарапайым шараларын қолданыңыз:
- Паразиттерді анықтау үшін киім мен іш киім тігістерін тексеріңіз.
- Төсек-орындарды жуғанда бұрыш-бұрыштарын мұқият тазалап жуып, үтіктеңіз, себебі онда шаң мен кір жиналады, ол жәндіктердің дамуына қолайлы орта. Барлық заттарды, сондай-ақ төсек жабдықтарын ыстық үтікпен, бумен үтіктеу – үйдегі ең жақсы алдын-алу құралы.
- Ауруханадан, курорттан, ұзақ іссапардан оралғаннан кейін, киімдеріңіздің барлығын тексеріп, далада мұқият сілкіңіз, жоғары температурада жуыңыз, үтіктеңіз.
- Күн шуақты ауа райында матрацтарды, жастықтар мен көрпелерді құрғатыңыз, ылғалдылық — бұл жәндіктер үшін қолайлы орта болып табылады.
- Әрбір жуу үшін арнайы мата жұмсартқыштарды қолданыңыз, күшті иіс жәндіктерді қорқытады.
- Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз (денені 7 күнде кем дегенде 1 рет жуыңыз, іш киімдер мен төсек орындарын жиі ауыстырыңыз, бас терісін күнделікті тараңыз, төсек-орындарды жуыңыз, үй-жайларды үнемі таза ұстаңыз).
Жоғарыда аталған барлық ұсыныстарды үнемі орындаған жағдайда ғана бит жұқтырудан сақтана аласыз.
Б.М.Успанов,
Талғар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы