ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БІЛІМ ОРДАСЫ

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БІЛІМ ОРДАСЫ

Талғар қаласында орналасқан шығармашыл және дарынды балаларға арналған «Genius Talgar» жекемен шік мектебі ашық есік күнін өткізді. Бұл шараның ба сты мақсаты – жаңадан ашылған мектеп болса да сенім артып балаларын осында әкелген ата-аналарға мектеп жұмысын, осы мектепте білім алып жатқан балаларға қандай жағдай жасалғанын көрсету.

Осы орайда біз де білім ордасына барып, оқу ғимаратын аралып ұстазда рымен танысып, мектеп ғимаратын аралап қайттық. Ширек ғасыр білім саласында еңбек еткен мектеп директоры Каиповна  Анардың айтуынша, өткен жылы желтоқсанда өз жұмысын бастаған мекеме көптеген ауқымды жұмыстар атқарып үлгерген.

Қыркүйек айы нан бастап 130 баланы білім нәрімен сусындатып келеді. Мектептің алға қойған басты мақсаты – математика, ағылшын пәнін тереңдетіп оқыту.

Балалардың санасына мықтап құю үшін мұнда аптасына төрт рет ағылшын тілі сабағы өткізіледі. Түстен кейін оқушылардың сөй леу қабілетін арттыру мақсатында қызықты сабақтар ұйымдастырылған. Сонымен қатар математика пәнінің үлгерімін білу үшін үнемі мектепаралық олимпиада ұйымдастырылып, балалардың деңгейі сараланып, сабақ үлгерімін қалай арттыру бағыттары талқыланады. Мұнда тек бірінші сыныптан алтыншы сыныпқа дейін оқытылады. Үлкен сыныптарды ашу үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Мектеп 220 баланы қабылдауға қау қарлы. Әр сыныпта 15-тен артық бала отырмайды, се бебі мұғалім әр балаға көңіл бөліп үлгеруі тиіс. Үлкен үміт артқан ата-аналардың сенімінен шығу – бұл мек тептің басты мақсаты. Сонымен қатар болашақта ең үздік білім ордаларының қатарынан көрінетіндеріне сенімді. Себебі мұнда жұмыс істейтін 32 ұстаз бар. Олар сараланып, біліктілік сынағынан өтіп келген майтал ман ұстаздар. Жалынды жас ұстаздардың да қатары аз емес. Бұл мектептің артықшылығы мұнда тегін үйірмелер бар. Домбыра, би, шахмат, робототехника, бассейн, сурет салу сынды тегін үйірмелер бар. Сондай-ақ қо сымша қазақ, орыс тілі үйірмелері де жұмыс жасайды. Балалар бейімдеріне қарай үйірмелерді таңдай алады, бір бала үш, төрт үйірмеге бара алады.

 

 

 

– Бүгінгі таңда ата-аналар балаларын түрлі үйірме- лерге апарып, қатарынан қалдырғысы келмейді, бірақ ол үйірмелердің бағасы арзан емесі белгілі. Ал мұнда үйірмелер тегін. Бес мезгіл тамақ беріледі. Балалардың күні таңғы асын ішуден басталады. Әр мезгіл берілетін тамақ құнарлы. Балалар таңнан кешке дейін мектеп ауласында болады. Ата-аналар да алаңсыз болады. Заман талабына сай білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында, білім бәйгесінде озық мектептер қатарынан көріну мақсатын да барын салып келе жатқан оқу орны мүмкіндіктерін арттыра бермек. Болашақта қосымша оқу ғимараты салынатын болады. @qazaq.education математика мек тебінің басшысы Нұрдәулет Рахымқожамен бірлесіп жұмыс жасаудамыз.

 

Орысша сыныптарға Әлия Байсе йітқызы сабақ береді. Ол балалармен жеке жұмыс жасап олардың мүмкіндіктерін дамытуға аса мән береді, – деді мектеп басшысы. Құрылғанына бір жылға жуық уақыт болса да бола шақ үшін үлкен қадамдар жасап, ауданымыздың ағарту саласына үлес қосып келе жатқан білім ордасына толағай табыстар тілейміз.

Зорагүл ӘБДІҚАДІР